Парижде Олимпиаданың қауіпсіздік жоспары жүктелген ноутбук жоғалып кетті
Жоғалған мәліметтер Париж мэриясының инженеріне тиесілі, ол Кремге бара жатқан пойызға отырған.
Дүйсенбі күні кешке 2024 жылғы Олимпиада кезінде қауіпсіздік шараларын ұйымдастыру туралы деректері бар компьютер жоғалып кетті.
«Le Parisien» басылымы муниципалды полиция Париждегі Олимпиада ойындарының қауіпсіздік жоспарларын сақтаған компьютер мен екі USB кілті бар сөмке дүйсенбі күні кешке Солтүстік вокзалда (Гар-Ду-Норд) пойыздан ұрланғанын хабарлады.
Жоғалған мәліметтер Париж мэриясының инженеріне тиесілі, ол Кремге бара жатқан пойызға отырған. Жәбірленуші берген ақпаратқа сәйкес, ол сөмкені орындығының үстіндегі багаж бөліміне салған.
Полиция өкілдерінің айтуынша, жәбірленушінің пойызы кешігіп, ол басқа рейске ауысуға шешім қабылдаған. Сөмке иесі компьютер мен екі USB кілтте құпия деректер бар екенін түсіндірді, атап айтқанда — Олимпиада кезінде муниципалды полицияның қауіпсіздігін қамтамасыз ету жоспарлары.
Оқиғаны тергеу аймақтық көлік полициясына жүктелді.
Франция астанасының билігі ағымдағы жылдың 26 шілдесінен 11 тамызына дейін өтетін Олимпиада ойындары кезінде қалалық полицияның 2 мың қызметкерін жұмылдыруды жоспарлап отыр.