БастыМәдениет

Парижде алғаш рет қазақ пен қырғыз ақындарының айтысы өтті

Париждегі ЮНЕСКО штаб-пәтерінде қазақ және қырғыз ақындарының халықаралық айтысы тұңғыш рет ұйымдастырылды.

Айтыс өнерінің ЮНЕСКО-ның Адамзаттың материалдық емес мәдени мұралары тізіміне енгеніне 10 жыл толуына орай өткен бұл шараға сегіз танымал айтыскер қатысты, деп жазады Jibek Joly телеарнасы.

Шара 2015 жылы мақұлданған қазақ-қырғыз бірлескен номинациясы аясында өтті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, айтыс Франция мен Еуропада тұратын қандастар мен қырғыз диаспорасы үшін ұлттық рухани мұрамен қайта қауышуға мүмкіндік берді.

«Айтыс — бауырлас қазақ пен қырғыз халықтарының рухани бірлігінің жарқын көрінісі. Бұл өнер бізді біріктіріп, ортақ тарих пен мәдениетімізді дәріптейді», — деді Қазақстанның ЮНЕСКО жанындағы Тұрақты өкілі Асқар Абдрахманов.

 

TuraNews

Back to top button