Спорт және дене шынықтыру комитетінің Спортты дамыту дирекциясы Париждегі жазғы Олимпиадаға арналған Қазақстан ұлттық құрамасының киім формасы мен оған қосымша керек-жарақ жабдықтардың дизайн тұжырымдамасын әзірлеуге арналған ашық конкурс жарияланғанын хабарлайды.
Киімдер салтанатты рәсімге және жаттығуға арналған жұптан тұрады. Конкурс кезінде келіп түскен жұмыстарды арнайы комиссия құрамы қарап, ортақ шешім қабылдайды. Жұмыс тобының қатарына Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру комитеті, ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті, Қазақстан спортшылары одағының өкілдері, даңқты спортшылар мен БАҚ қызметкерлері кіреді. Бұл тізімде Елдос Сметов, Серік Сәпиев, Азамат Дәулетбеков, Жәмила Бақбергенова, Ольга Рыпакова, Әбиба Әбужақынова, Анна Алябьева, Нұрбек Оралбай, Нұрсұлтан Тұрсыновтар бар. Комиссия төрағасы – Спортты дамыту дирекциясының директоры Ерлан Естек.
Конкурс екі кезеңге созылады және әрбір кезең жеңімпазы Ереже шарттарына сәйкес комиссия отырысында анықталады. Конкурс кезеңдері:
I кезеңде комиссия конкурсқа қатысушылар өтініштерін, материалдарын қабылдап, қарайды (2024 жылғы 28 ақпан 20:00-ден 10 наурыз сағат 18:30 дейін).
ІІ кезеңде конкурс жеңімпаздары анықталып, жарияланады (2024 жылғы 13-15 наурыз аралығы).
Конкурсқа қатысушыларға түсіндіру жұмысына және жалпы конкурс өткізуге Спортты дамыту дирекциясы Мемлекеттік сатып алу бөлімінің бастығы Ержан Асқаров жауапты.
Конкурс ережесі мен комиссия құрама мына жерде.
ҰОК командасының киім формасына қатысты бірыңғай нұсқаулық мына жерде.