Париж 2024 жылғы Олимпиадаға дейін әуе таксилерін іске қосылады
2024 жылғы Олимпиадаға дейін Париж әуе таксиі қызметін іске қосуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Euronews хабарлайды.
Skyports компаниясының Еуропа және Таяу Шығыс бойынша инфрақұрылым бөлімінің жетекшісі Дамиан Киселидің айтуынша, таксиге мінетін адам әуелі тіркеуге барады. «Таксиге мінетін сіз және бұл сіздің уақытыңыз екеніне көз жеткізуіміз керек. Шағын күту залымыз бар, ұшуға 5 минут қалғанда сізден әуе таксиінің бортына көтерілуді сұрайды. Сіз биометрия порталынан өтесіз, болды».
Такси Париж маңындағы бес вертипорттардың бірінен ұшады. Тағы бір ұшу алаңы Сенадағы қалқыма баржада орналасқан.
Әуеде электрлік таксилердің ұшуына әлі Франция тұрғындары рұқсат беруі керек. Жобаға қатысатын Aéroport de Paris тобы жаңа құрылғылардың дыбысы тікұшақтан 4 есе тыныш дейді.
ADP атқарушы директоры Эдвард Аркрайт төмен көміртекті авиация түрін түрлі қызметке пайдалануға болатынын айтады.
«Біз бірінші кезекте адам, сәлемдемелер, апат және медицина қызметтерін тасымалдауды ойладық. Бірақ әлі біздің ойымызға кіріп-шықпаған салалар да бар», — деп атап өтті ол.
Әуе таксиін немістің Volocopter тобы екі орындық жеңіл ұшақпен жеткізеді. Қазір компания Авиация қауіпсіздігі бойынша Еуропа агенттігінен рұқсатты күтіп отыр. Volocopter коммерциялық директоры Жан-Кристоф Драи «Бірінші кезектегі міндетіміз – көлікті сертификаттау» деп атап өтті.
Олимпиаданың ашылуына бір жылдан аз уақыт қалды. Осы аралықта компания реттеу органдары мен билік өкілдерін сендіруі керек.