ӘлемСпорт

Пара Азия ойындарының эмблемасы мен ұраны таныстырылды

2026 жылы Жапонияның Нагоя қаласында өтетін Пара Азия ойындарының символы белгілі болды, деп жазады TuraNews.kz Uza.uz агенттгіне сілтеме жасап.

«Бір жүректі елестету» ұранымен ұсынылған бұл эмблема бірегей және Пара Азия ойындарының адамдар арасындағы кедергілерді бұзып, мүмкіндігі шектеулі болсын, жоқ болсын барлығын біріктіретін ортақ нәрсе екенін көрсетеді.

Пара Азия ойындарының символының тұсаукесеріне қатысқан Азия Паралимпиада комитетінің президенті Маджид Рашед пен ұйымдастыру комитетінің басшысы Хидеаки Омура Пара Азия ойындарының символы мен ұраны мыңдаған адамдар мен параспортшылардың бірлігін, олардың бір мақсат төңірегінде топтасқанын және жарқын болашаққа талпыныспен бірге өмір сүруге деген талпынысының үйлесімділігін айқын көрсеткенін атап өткен.

Еске салар болсақ, 2026 жылдың 18-24 қазаны аралығында Жапонияда өтетін Пара Азия ойындарына 18 спорт түрінен 45 елден 4 мыңға жуық спортшы қатысады деп күтілуде.

 

TuraNews

Back to top button