Экономика
Өзбекстанның Орталық банкі базалық мөлшерлемені 13,5 пайыз деңгейінде сақтап қалды
Өзбекстан Орталық банкі базалық мөлшерлемені 13,5 пайыз шамасында белгілеу туралы шешім қабылдады.

Банк ақпаратына сәйкес, 2025 жылдың 23 қаңтарындағы отырысында инфляцияны 5 пайыздық мақсатқа дейін төмендету үшін ақша-кредит саясатын қатаңдату жөнінде шешім қабылдаған. Бұл шаралар орта мерзімді перспективада бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталып отыр.
«Орталық банк орта мерзімді кезеңде инфляцияның 5 пайызға дейін тұрақты төмендеуін қамтамасыз ету үшін ақша-кредит жағдайларының жеткілікті түрде қатаң қалыптасуын бақылауда ұстайды», – делінген хабарламада.
Сондай-ақ, егер экономикадағы жалпы сұраныс пен бағаларға қысым күшейіп, күтілгеннен жоғары деңгейде орын алатын болса, ақша-кредит саясаты қайта қаралуы мүмкін екендігі айтылған.
Орталық банк Басқармасының келесі отырысы 2025 жылдың 13 наурызына жоспарланған.