БастыЭкономика

Өзбекстанның алтын валюта резервтері төмендеді

Қордың азаюынан Өзбекстанның алтын валюта резервтері төмендеп, 32,89 млрд доллар болды. Яғни, резервтердегі қымбат метал көлемі 12,4 тоннаға қысқарды, деп жазады TuraNews.kz Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

Орталық банктің мәліметінше, Өзбекстанның ресми резервтік активтері тек қараша айының өзінде 7,5 млн долларға азайған. Ал жалпы жыл басынан бері ол 3,04 млрд долларға төмендеді.

Қарашада алтынның бағасы әлем бойынша 3,1%-ға қымбаттап, 1 992 доллардан 2 058 долларға дейін өсті. Желтоқсан айының басында бұл металдың құны тағы көтерілді. Атап айтқанда, оның бағасы тарихта алғаш рет 1 унциясы үшін 2 100 доллардан асты.

Еске сала кетсек, Өзбекстан қазан айында ең көп алтын сатқан ел атанған болатын. Бұл кезде аталған елдің Орталық банкі 11 тонна алтынды саудалаған.

TuraNews

Back to top button