Өзбекстанның алтын валюта резервтері рекордтық деңгейге өсті
Биыл қаңтарда Өзбекстанның халықаралық резервтері мен алтын валюта қоры өсіп, рекордтық көрсеткішке жетті.
![](https://turanews.kz/wp-content/uploads/2023/02/gold-uzbekistan.jpeg)
1 ақпандағы мәліметке сай, Өзбекстан Орталық банкінің резервіндегі активтердің жалпы құны 42,9 млрд долларға жетті. Бұл 2024 жылдың желтоқсан айындағы көрсеткішпен салыстырғанда 1,72 млн долларға (4,17%) көп.
Орталық банк қоймаларында сақтаулы тұрған алтынның бағасы 3,02 млрд долларға көтеріліп, 35,06 млрд долларға теңелді. Бұл 2013 жылдан бері тіркелген ең жоғары көрсеткіш саналады.
Сонымен қатар, елдегі алтынның көлемі 12,3 млн-нан (382,57 тонна) 12,6 млн унцияға (391,9 тонна) дейін ұлғайды.
Сарапшылардың пайымынша, өсімге әлемдік нарықтағы қымбат метал бағасының көтерілуі ықпал етті.
Еске салайық, 2023 жылдың 11 айында Өзбекстан 8,15 млрд долларға бағаланған алтынды экспорттаған. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 2,3 есе көп және өз кезегінде рекордтық көрсеткіш саналады.