Экономика
Өзбекстанның алтын-валюта қоры 49 миллиард доллардан асты
1 мамырдағы жағдай бойынша Өзбекстанның алтын-валюта қорының көлемі 49,2 млрд доллар болды.

Бұл өткен аймен салыстырғанда 2,9 пайызға артық, деп хабарлайды Kazinform.
Өзбекстан Орталық банкінің мәліметі бойынша, алтын әлі де резервтердің негізгі бөлігін құрайды, ол 37,6 миллиард доллардан асады. Бұл ретте оның физикалық көлемі 11,8-ден 11,5 млн троя унциясына дейін төмендеді.
Резервтердің валюталық бөлігі сәуірде 616 миллион доллардан астамға өсіп, 11 миллиард долларды құрады.
Наурыз айында Өзбекстанның алтын-валюта қоры жаңа тарихи максимумға жетіп, 47,8 миллиард долларды құраған еді.
https://kaz.inform.kz/news/ozbekstannin-altin-valyuta-kori-49-milliard-dollardan-asti-d400d2/