БастыЭкономика

Өзбекстанның алтын-валюта қоры 1,1 млрд долларға қысқарды

Биыл маусымда Өзбекстанның халықаралық резервтері мен алтын валюта қоры 1,1 млрд долларға кеміді.

1 шілдедегі мәліметке сай, Өзбекстан Орталық банкінің резервіндегі активтердің жалпы құны 48,5 млрд долларға бағаланған. Бұдан бір ай бұрын, яғни мамырдың қорытындысы бойынша көршілес елдің алтын валюта қоры 49,6 млрд долларға бағаланып, рекордтық көрсеткішке жеткен.

Бұл ретте шетел валютасындағы резервтер 11,4 млрд доллардан 9,5 млрд долларға дейін азайды.

Ал қамтылып отырған аралықта Орталық банк қоймаларында сақтаулы тұрған алтынның бағасы 763 млн долларға қымбаттап, 38,4 млрд долларға теңелді.

Сонымен қоса, елдегі алтынның көлемі 11,4 миллион унциядан (323,18 тонна) 11,7 миллион унцияға (331,68 тонна) дейін ұлғайды.

Еске салайық, биыл қаңтарда Өзбекстанның халықаралық резервтері мен алтын валюта қоры ұлғайып, рекордтық көрсеткішке жеткен еді.

 

 

Source
Kazinform

TuraNews

Back to top button