Экономика

Өзбекстанға электромобильдер импорты 6 есеге жуық өсті

2023 жылдың қаңтар-шілде айларында Өзбекстан әлемнің 10 елінен құны 217,1 миллион АҚШ долларын құрайтын 7 391 электромобиль импорттады, деп хабарлайды Turanews.kz Uza.uz агенттігіне сілтеме жасап.

Статистика агенттігінің алдын ала мәліметі бойынша, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда электромобильдер импорты 6 084 дана немесе 6 есеге жуық артқан.

7 айда ең көп электромобиль импорттаған елдердің ішінде Қытай бірінші орында – 6 898.

Бұл көрсеткіш қалған елдерде былай:

  • Гонконг – 376;
  • Германия – 64;
  • Корея – 18;
  • БАӘ – 16;
  • АҚШ – 11.

TuraNews

Back to top button