«Ұлттық Ташкент» жобасын жүзеге асыруға бағытталған қаулыға Өзбекстан астанасының хокимі Шавкат Умурзаков қол қойды. Аталған бағдарламаны іске асыру үшін арнайы жұмыс тобы құрылады, деп жазады Kazinform.
Құжатқа сай, Ташкентте ұйымдастырылатын барлық бұқаралық іс-шара ұлттық нақышта безендіріледі және оның қатысушылары өзбек халқының дәстүрлі киімін киеді.
Сонымен қатар, жоба аясында қала мен аудандардағы мемлекеттік мекемелердің қызметкерлеріне тек жұма күні емес, күнделікті негізде ұлттық киім кию ұсынылады.
Бұған қоса, қоғамдық көлік, вагон мен метро станциялары ұлттық нақыштағы элементтермен безендіріледі.