Спорт
Өзбекстандық қазақ боксшы Париж Олимпиадасына жолдама жеңіп алды
Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтіп жатқан лицензиялық турнирде өзбекстандық қазақ боксшысы Руслан Абдуллаев Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды.

2023 жылғы әлем чемпионы атанған қандасымыз Руслан Абдуллаев бүгін Италияда өтіп жатқан лицензиялық турнирдің ширек финалында серб боксшысы Алексей Сендрикпен қолғап түйістіріп, нәтижесінде қарсыласын 3:1 есебімен жеңді. Осылайша өзбекстандық қазақ боксшы жартылай финалға шығып, Париж Олимпиадасына жолдаманы жеңіп алды.
Айта кетсек, лицензиялық турнирде жартылай финалға дейін жеткен боксшылар 2024 жылғы Олимпиада ойындарына жолдама алады.