Өзбекстанның денсаулық сақтау министрлігінен мәлім еткендей, ел медицинасы тарихында алғаш рет өзбек дәрігерлері сиам егіздерін өте сирек жасалған операция нәтижесінде ажыратып алған. Бұл туралы Turanews.kz «УзА» агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Операция республикалық перинаталдық орталық жанындағы неонаталды хирургия оқу-емдік-әдістеме орталығында 2022 жылдың 19 желтоқсанында жасалған. Оған профессор, осы орталық меңгерушісі Бахтиёр Эргашев жетекшілік еткен.
«Операция 3 сағатқа созылды. Балалардың бір-бірімен бауыр арқылы қосылғаны дәлелденді. Балаларды ажырату кезінде бауырдан және басқа қан тамырларынан қан кетудің алдын алу үшін ультрадыбыстық және аргон скальпельі және Bloodstop деп аталатын заманауи қан тоқтататын материалды қолдандық. Соның салдарынан балалар аз қан кетумен ажыратып алдық», — дейді Б. Эргашев.