БастыЭкономика

Өзбекстандағы BYD зауытынан алғашқы электромобильдер шықты

Зауыт биылғы жылдың қаңтар айында Мемлекет басшысының Қытайға сапары кезінде іске қосылды. Құны 160 миллион доллар болатын жобаның бірінші кезеңі аясында жылына 50 мың электромобиль шығару мүмкіндігіне ие.

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев 27 маусым күні Жызақ облысына келіп, «BYD Uzbekistan Factory» бірлескен кәсіпорнының қызметімен танысты. Бұл туралы УзА агенттігі жазады.

«BYD Uzbekistan Factory» үшін бірлескен кәсіпорын заманауи индустриялық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілді. 2 шақырымға жуық теміржол төселді. Өндірістің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін жинақтаушы бұйымдар қоймасы, 1200 контейнерлік логистикалық орталық салынды.

Зауытқа роботтық жүйелер мен жабдықтар Қытайдан әкелінді. Өндіріс процесі автоматтандырылған. Электромобильдің геометриялық өлшемдерін жоғары дәлдікпен тексеретін зертхана құрылған.

Қазір мұнда Chazor және Song Plus Champion моделдері шығарылады. Шавкат Мирзиёев алғашқы электромобильдерге қол қойды. Алдағы жылдары зауытта моделдер қатарын кеңейту жоспарлануда. Екінші кезеңде құны 300 миллион доллар болатын электромобильдер санын жылына 200 мың данаға, үшінші кезеңде құны 500 миллион долларды құрайтын 500 мың данаға дейін жеткізу жоспарланған.

Бүгінде кәсіпорында 1200 адам жұмыс істейді. Өткен жылы «Uzautoмotors» зауыттарында 200 жұмысшы біліктілігін арттырды. Биыл тағы 92 маман Қытайдың Сиань және Чанша қалаларында сапаны бақылау, технология, жабдықтау және жабдықтарға қызмет көрсету сияқты салалар бойынша білім алады. Үш кезең енгізілгеннен кейін жұмыс орындарының саны 10 мыңға жетеді.

 

TuraNews

Back to top button