
Абдулла Қадыри атындағы Науаи облыстық ақпараттық-кітапхана орталығында Өзбекстан Журналистер одағы және Өзбекстан Жазушылар одағының аймақтық бөлімшелері мен блыстық ақпараттық-кітапхана орталығы бірлесіп «Түркі әдебиетінің жауһарлары» атты 100 томдық кітап сериясының тұсаукесері өтті, деп жазады Turanews.kz Uza.uz агенттігіне сілтеме жасап.
Тұсаукесерге Өзбекстан Жазушылар және Журналистер одағының облыстық бөлімшелерінің төрағалары, ақын-жазушылар, әдебиеттанушылар, әскери қызметшілер, журналистер мен әдебиет сүйер қауым қатысты.