UzAuto Motors компаниясы Өзбекстанның ішкі нарығына 2024 жылы шығару жоспарланған Chevrolet Cobalt, Damas және Labo автокөліктерінің көлеміне келісімшартты екі күнде аяқтады, деп жазады TuraNews.kz.
Компания мәліметінше, 25 және 26 желтоқсанда сатып алушылармен автокөліктерді келесі жылы жеткізуге 171,2 мың келісімшарт жасалған. Келісімдер UzAutoSavdo қосымшасы және savdo.uzavtosanoat.uz сайты арқылы онлайн режимде жасалды.
Онлайн сату кезінде кибершабуылдар кесірінен техникалық ақау туындап отырған.
“UzAutoSavdo онлайн сауда жүйесінде 7 мың кибершабуыл бақыланды. Осы кезеңде жүйеде барлығы 3 млн-нан астам белсенді сеанс тіркелген. Компанияның колл-орталығы 3 мыңнан астам өтінімді қабылдап, өңдеді” деп хабарлады UzAuto Motors компаниясынан.
Бұған дейін Өзбекстан үкіметі «алыпсатарлармен» күресу және барлық тұтынушыларға тең мүмкіндіктер жасау мақсатында жаңа көліктерді сату ережелеріне өзгерістер енгізді.
Жаңа ережелерге сәйкес, 12 ай ішінде екіден астам сатып алу-сату шартын жасасқан клиентпен машинаны жеткізуге жаңа келісім-шарт жасалмайды.