Басты
Өзбекстанда тағы бір газ құю бекетінде жарылыс болды
5 тамыз күні Қашқадария облысының Көкдала ауданындағы газ құю бекетінде өрт пен жарылыс болды.

Бұл — соңғы 20 күндегі екінші жағдай. Өрт салдарынан автоцистерна жүргізушісі күйіп қалды, деп хабарлайды ӨР ТЖМ.
ТЖМ мәліметінше, автокөліктерге газ құю бекеті «Алтындала» ықшам ауданында орналасқан.
Оның аумағында сұйытылған пропан газын тасымалдайтын жүк көлігінен пропан сақтайтын цистернаға жанармай құю кезінде өрт шыққан.
Оқиға орнына сағат 22:22-де 5 өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары бригадасы жетіп, өрт 22:30-да ауыздықталып, 22:50-де сөндірілді.
Өрт салдарынан 1 автоцистерна мен 10 текше метр пропан сұйытылған газ сақтайтын цистерна жанып кеткен. Автоцистерна жүргізушісі жеңіл күйік алды.
Оқиға орнына облыстық ТЖБ мен аудандық ТЖБ басшылары барды.