Әлем

Өзбекстанда соңғы он жылда 8 балға дейінгі алты жер сілкінісі болған

Өзбекстанда кейінгі 10 жылда республика бойынша алты рет 6-8 баллды жер сілкінісі болып, экономикалық шығын 84 миллиард сумды құраған, деп Turanews.kz ӨзА сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Геологиялық орны бойынша Өзбекстан Жерорта теңізі-Азия сейсмикалық белдеуінде орналасқан. Сондықтан республикада және оның шекаралас аймақтарында жиі жер сілкінісі болып тұрады.1900 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін ел аумағында 60-тан астам күшті және жойқын (баллдығы 5-тен жоғары) жер сілкінісі болды.

Кейінгі 10 жыл ішінде республикада алты рет 6-8 баллды жер сілкінісі болып, соның салдарынан зардап шеккендер саны 16, жараланғандар саны 54, экономикалық шығын 84 миллиард сум құраған.

Олардың ең күштісі: Кон сілкінісі – 2011 (8 балл), Туябуғиз сілкінісі – 2013 (7 балл), Маржонбулоқ сілкінісі – 2013 (8 балл), Китаб және Бакмал сілкінісі – 2016-2017 (7 балл), Бойсун сілкінісі – 2022 ( 6 балл).

2023 жылдың 1 қаңтарынан бүгінге дейін Өзбекстанда және оның шекаралас аймақтарында Республикалық Сейсмопрогноздық бақылау орталығымен магнитудасы (М= 2,8-6,8) 250-ден астам жер сілкінісі тіркелген.

Еске салсақ, 23 наурызда Өзбекстан астанасы Ташкентте және басқа қалаларда қуатты жер сілкінісі болды.

TuraNews

Back to top button