Әлем

Өзбекстанда ресейлік кәсіпорындар саны артты

Өзбекстанда Ресей капиталының қатысуымен жұмыс істейтін кәсіпорындар саны артып келеді. Бұл туралы  ӨзА агенттігіне сілтеме жасап Turanews.kz хабарлайды.

Өзбекстанның статистика агенттігінің мәліметі бойынша, 2023 жыл 1 наурыздағы жағдай бойынша республикада жұмыс істейтін шетелдік капиталдың қатысуымен кәсіпорындар мен ұйымдардың саны 13161 болды.

Олар қатарында Ресей капиталының қатысуымен жұмыс істейтін кәсіпорындар саны 2835-ті құрап, көш бастап тұр.

Өзбекстанда шетел капиталының қатысуымен жұмыс істейтін кәсіпорындардың саны:

  • Ресей – 2835;
  • Түркия – 1806;
  • Қытай – 1763;
  • Қазақстан – 988;
  • Корея – 748.

2023 жылдың қаңтар-ақпан айларында шетел капиталының қатысуымен жаңадан құрылған кәсіпорындардың саны:

  • Ресей – 151;
  • Қытай – 65;
  • Түркия – 40;
  • Қазақстан – 34.

TuraNews

Back to top button