Басты

Өзбекстанда, Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында 3 балдық жер сілкінісі болды

Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында бүгін, 9 қыркүйек сағат 09:41–де эпицентрінде күші 3 балға жететін жер сілкінісі тіркелді

Кабар ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Қырғыз Республикасы ұлттық ғылым академиясы сейсмология институтының мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Көк-Таш ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 10 шақырым, Бұлақ-Башы ауылынан батысқа қарай 21 шақырым, Баткен қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 35 шақырым жерде орналасқан.

Қырғызстанның елді мекендерінде жер сілкінісінің күші Көк-Таш ауылында — 2,5 балл, Бұлақ-Башы ауылында шамамен — 2 балға жетті.

Via
Kazinform

TuraNews

Back to top button