ӘлемБастыДенсаулық

Өзбекстанда «Қазақстан медицинасы күндері» апталығы өтті

Шара жас ғалымдар мен болашақ дәрігерлерге тәжірибе және идея алмасуға зор мүмкіндік берді.

2025 жылдың 15–17 қазан күндері Ташкент мемлекеттік медицина университетінде Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы медицина саласындағы ынтымақтастықты нығайтқан «Қазақстан медицинасы күндері» және «Өзбекстан – Қазақстан медицина жастарының достық апталығы» атты ірі халықаралық шара ұйымдастырылды.

Форум аясында Ташкент студенттері Қазақстанның жетекші төрт медициналық жоғары оқу орнының басшыларымен (оның ішінде ҚазҰМУ, Қарағанды, Семей және Батыс Қазақстан медуниверситеттерінің ректорлары/проректорлары) ашық пікір алмасты.

Апталық бағдарламасында хирургия мен стоматология бойынша халықаралық олимпиадалар, ғылыми-практикалық конференциялар, шеберлік сабақтары мен дөңгелек үстелдер өтті. Қазақстандық ректорлар мен профессорлар білім және ғылым тақырыптарында дәрістер оқыды.

Іс-шара соңында жеңімпаздарды марапаттау рәсімі болып, Ташкент мемлекеттік медицина университетінің ректоры Шухрат Боймурадов сөз сөйледі. Ол медицина кадрларын даярлаудың халықаралық деңгейде танылып келе жатқанын атап өтті.

Апталық екі ел арасындағы достық пен кәсіби ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеріп, Орталық Азиядағы медицина ғылымының дамуына серпін береді.

TuraNews

Back to top button