ӘлемБастыСаясат

Өзбекстанда президент сайлауы алдында «Тыныштық күні» басталды

Бүгін Өзбекстанда кезектен тыс президенттік сайлауға дауыс беру алдында «тыныштық күні» басталды, деп хабарлайды Turanews.kz ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап,.

Өзбекстан Сайлау кодексінің 103-бабына сәйкес, осы сәттен бастап дауыс беру аяқталғанға дейін бұқаралық ақпарат құралдарында, теле-радио хабарларын тарату арналарында сайлауалды үгіт жүргізуге тыйым салынады. Республиканың барлық елді мекенінде президенттікке кандидаттардың сайлауалды бағдарламалары жазылған жарнамалық-насихаттық баннерлер, стримерлер, плакаттар мен билбордтар кеше түнде алынып тасталды.

«Тыныштық күні», сондай-ақ дауыс беру күні қоғамдық пікірге сұрау салу нәтижелерін, сайлау нәтижесінің болжамын, сайлауға байланысты өзге де зерттеулерді жариялауға тыйым салынады.

«Тыныштық күні» деп аталатын күн сайлаушыларға сайлау алдындағы үгіттің ықпалына түспей, өз қалауын дербес анықтауға және белгілі бір кандидатқа дауыс беру туралы саналы шешім қабылдауға мүмкіндік береді.

Бұған дейін Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев 2023 жылдың 9 шілдесіне тағайындалған Мемлекет басшысының мерзімінен бұрын сайлауы туралы жариялағаны хабарланған болатын.

TuraNews

Back to top button