БастыҚоғам

Өзбекстанда мешітте жойқын жарылыс болып, үш адам қаза тапты

31 наурыз күні сағат 12:19-да Өзбекстанның Әндіжан облысы, Ізбасқан ауданындағы мешіт аумағындағы дәретханада газ-ауа қоспасынан жойқын жарылыс болды.

Бұл туралы елдің Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады, деп жазады Kazinform агенттігі.

Хабарда оқиға орнына бірден екі құтқару тобы мен екі өрт сөндіру және құтқару бригадасы жеткені айтылған.

Дәретхананың қабырғасы мен шатырының құрылымдарына зақым келген, бірақ өрт шықпаған.

Жарылыс салдарынан 3 адам қаза тауып, 10 адам жараланып, ауруханаға жеткізілген.

Қазір бұл оқиғаға қатысты алдын ала тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, деп қосты ведомство.

 

TuraNews

Back to top button