Өзбекстанның Сырдария ауданының әкімшілігі мен қытайлық BGI компаниясының өкілдері арасында кездусу ұйымдастырылды, деп хабарлайды TuraNews.kz.
Dunyo сайтының хабарлауынша, кездесуде жаңа жобаларды жүзеге асыру, сондай-ақ Өзбекстанда күріш пен басқа да дақылдардың ерекше сорттарын енгізу бойынша тәжірибе алмасу мәселелері талқыланды.
«BGI компаниясы вице-президенті Теренс Сион өзбек тарапын компания қызметімен таныстырды. Оның айтуынша, арнайы күріш сорты бүгінде Гуандун және Гуанси провинцияларындағы егістік алқаптарында сынақтан өтіп, жоғары өніммен қатар су мен еңбекті үнемдеуде жақсы нәтиже көрсетті. Бұл ерекше сорт Азияның оңтүстік елдерінде сынақтан өтуі белгілі болды», делінген хабарламада.
Тараптар Өзбекстанда жүзеге асырылып жатқан бірлескен жобалардың жай-күйі жөнінде де пікір алмасты.