ӘлемСаясат

Өзбекстанда конституциялық референдум басталды

Proposed changes suggest extending presidential term to 7 years from 5

Өзбекстанда республиканың жаңарған конституциясына қатысты референдум басталды. Дауыс беру 8:00-ден 20:00-ге дейін жалғасады, деп хабарлайды Turanews.kz порталы ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

ОСК мәліметі бойынша, референдумға 19,7 млн-нан астам адам қатыса алады. Ол үшін аймақтық 14 сайлау комиссиясы жасақталып, 10 758 учаске ұйымдастырылған. Дауыс беру күні мекенжайында бола алмайтын азаматтар мерзімінен бұрын 19 сәуірден 26 сәуірге дейін дауыс беру мүмкіндігі бар.

Шетелдегі Өзбекстан азаматтары жаңа конституцияға 39 елде дауыс бере алады. Онда елшілік пен дипломатиялық миссиялар жанында 55 стационарлық учаске ұйымдастырылды.

Өзбекстанның қазіргі конституциясы 1992 жылы қабылданды, осы аралықта елдің негізгі заңына 15 рет өзгеріс енгізілді. Жаңа редакцияда конституция баптарының саны 128-ден 155-ке, нормалар – 275-тен 434-ке артты. Нәтижесінде негізгі заң мәтіні 65%-ға жаңарады, сол себепті түзету енгізу емес, республиканың жаңа конституциясы туралы заңды қабылдау референдумын өткізу ұсынылды.

Заңнамаға сәйкес, референдумға келу шегі сайлаушылар тізіміне енгендердің жартысынан көп болуы керек. Дауыс беруге қатысқан азаматтардың жартысынан көбі оны қолдаса референдум қабылданған болып саналады. Референдумның алдын ала нәтижесін ОСК 1 мамырда жариялайды. Референдумның ресми нәтижесін Өзбекстанның ОСК дауыс беру өткеннен кейін 10 күннен кешіктірмей жариялайды.

Бұған дейін 2022 жылдың мамырында Өзбекстанның саяси партиялары ел Конституциясын жетілдіру процесін бастағаны хабарланған. Қоғамдық талқылау аяқталған соң биыл наурызда Өзбекстан парламенті референдум 30 сәуірде өтеді деп бекітті.

TuraNews

Back to top button