ӘлемБастыҚоғам

Өзбекстанда көне алтын теңгені 100 мың долларға сатпақ болғандар ұсталды

Өзбекстанның Сурхандария облысында ХІХ ғасырдың алтын монетасын 100 мың долларға сатпақ болған екі азамат ұсталды, деп хабарлайды TuraNews.kz Uza агенттігіне сілтеме жасап.

Экономикалық қылмыс департаментінің хабарлауынша, мәдени құндылықтарға тиісті монета «Петру Богданову 1899» жазулы, салмағы 61,69 грамм болған.

«Облыстық құқық қорғау органдары тарапынан жедел іс-шара барысында азаматтар Ж.А. және А.Ж. алтын монетаны азамат А.Е.ге 100 000 долларға сатып жатқан кезде заттай дәлелдермен ұсталды. Монета «Петру Богданову 1899» жазуы бар 61,69 грамм болған», делінген хабарламада.

Жағдайға қатысты Қылмыстық кодекстің 177-бабы (валюталық құндылықтар) бойынша қылмыстық іс қозғалып, қазіргі уақытта тергеу жүргізілуде.

 

TuraNews

Back to top button