Қоғам
Өзбекстанда көлікке таудан тас құлап, 3 жолаушы көз жұмды
Өзбекстанның Тахтакарача асуында таудан құлаған тас Chevrolet Cobalt көлігін басып қалып, салдарынан үш адам көз жұмды.

Жол қозғалысы қауіпсіздігі қызметінің мәліметінше, қайғылы оқиға 6 қараша күні Қашқадария облысында болған.
«Апатқа байланысты Самарқан мен Қашқадария облыстарын байланыстырып жатқан М-39 тас жолының 1 138-ші шақырымы уақытша жабылды», — деп мәлім етті ведомстводан.