Бұл туралы Өзбекстан Олий Мажлисі Сенаты қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің отырысында мәлім болды, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.
Сенаттың талдауына сай, аса ауыр қылмыстар отбасылық қиыншылықтар мен жанжалдарды уақытында шеше алмау нәтижесінде жасалады. Осыған байланысты Ішкі істер министрлігі, Жұмыспен қамту және кедейлікті азайту министрлігі, Отбасы және әйелдер істері комитеті, сондай-ақ Жастар істері агенттігімен бірлесе атқарылған жұмыстың арқасында әлеуметтік көмекке мұқтаж 6 634 әйел қызметке орналастырылды. Бұған қоса, олардың 11 мыңға жуығына медициналық, материалдық және әлеуметтік қолдау көрсетілген.
Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбаны болған 40 мыңнан астам әйелге қорғау ордері берілді. Профилактикалық іс-шаралардың көмегімен 17 327 жанұя татуласып, 1 450 әйел оңалту және бейімдеу орталықтарына орналастырылды.
Сонымен қатар, отырыс барысында көтерілген маңызды мәселенің бірі – кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстардың алдын алу. Мәселен, жасөспірімдер жасаған қылмыстар саны былтыр 5,3%-ға өскен. Сондықтан аталған бағытқа аса мән беру тетіктері талқыланды.
Өзбекстандық сенаторлар жол-көлік оқиғасы меселесін де назардан тыс қалдырмады. Былтыр бұл елдің аумағында 9 839 көлік апаты тіркеліп, одан 9 209 азамат зардап шегіп, 2 282 адам қаза тапты. Ал балалардың қатысуымен 1 794 жол-көлік оқиғасы болып, 1 568 бала зардап шекті және 263 бала көз жұмды.