Қоғам

Өзбекстанда жоғары оқу орындарына қабылдау аяқталды

2024/25 оқу жылына жоғары оқу орындарының бакалавриаттарына қабылдаудың 2-кезеңі, яғни жоғары оқу орындары мен оқу бағыттарын таңдау процесі аяқталды.

Қабылдау тәртібіне сәйкес, қорытынды нәтиже 1 апта ішінде – 17 тамызға дейін жариялануы тиіс.

Бірінші кезеңде 14-26 шілде аралығында өткен тест сынақтарына 737 мыңнан астам талапкер қатысты. Олардың жинаған баллдары ертеңіне жарияланды. Емтиханнан кейін 27 шілде мен 11 тамыз аралығында талапкерлерге жоғары оқу орындары мен мамандықтарды таңдауға уақыт берілді.

Осылайша биыл алғаш рет талапкерлер емтиханнан кейін жаңа тәртіп бойынша қайда және қай бағытта оқитындарын таңдады.

 

Source
uza.uz

TuraNews

Back to top button