Басты

Өзбекстанда жалған доллар сатқандар ұсталды

Ташкентте жалған доллар сатқандар ұсталды.

Бұл операцияны аталған елдің Бас прокуратурасы жанындағы департаменттің Янгихаёт аудандық бөлімі және ІІБ бірлесіп өткізген, деп жазады Kazinform

Операция кезінде М.А., И.А. есімді азаматтар және Б.З. есімді адамға 100 долларлық купюрадағы 9 000 жалған АҚШ долларын 5 000 АҚШ долларына сатқан кезде ұсталған. Олардан айғақ ретінде жалған купюралар алынды.

©t.me/Department_uz

Осы жағдайға байланысты Өзбекстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 176-бабы (Жалған ақшаны, акциздік маркаларды немесе бағалы қағаздарды жасау және өткізу) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

TuraNews

Back to top button