Қоғам

Өзбекстанда ірі көлемде газ ұрлаған күдіктілер Жамбылда ұсталды

Жамбыл облысында полицейлер мемлекетаралық іздеуде жүрген шетелдік күдіктілерді ұстады.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Тұрар Рысқұлов ауданының аумағында жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде мемлекетаралық іздеуде жүрген қылмыскерлерді департаменттің криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері ұстаған.

«Өзбекстан Республикасының екі азаматы көрші мемлекеттің Самарқанд облысында 288 миллиард сомадан (10 миллиард теңге) аса ірі мөлшердегі табиғи газды жасырын ұрлады деп айыпталуда.

Ер адамдар уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды және жақын арада іздеу салуды жариялауға бастама білдірген елге беріледі», – делінген департамент таратқан ақпаратта.

 

TuraNews

Back to top button