Өзбекстанда ІІБ қызметкері пышақ жарақатынан қаза тапты
Профилактикалық инспектор көрсетілген медициналық көмекке қарамастан ауруханада қайтыс болды.
Өзбекстанда бас бостандығын шектеу жазасын өтеп жатқан азамат ІІБ қызметкерін пышақтап өлтірді, деп хабарлайды Uznews.uz сайты.
Осы жылдың 26 тамызында сағат 20:45 шамасында Ферғана облысы Данғара ауданы ІІБ профилактикалық аға инспекторы Н.М. өз өкілеті шегінде ӨР ҚК-нің 276-бабының 1-бөлігімен сотталған. Сағат 18.00-ден 06.00-ге дейін тұрғылықты жерінен шықпауға тыйым салумен бас бостандығын шектеу жазасын өтеп жатқан азамат Х.Э.-ның пәтеріне барып тексерген.
Алайда инспектор азамат Х.Э-ның өз пәтерінде болмағанын, жазасын өтеу тәртібін бұзғанын анықтаған. Осы уақытта азамат Х.Э. мас күйінде үйіне келіп, айғайлап, төбелес шығарады, пәтерде тұрған асхана пышағын алып, күтпеген жерден Н.М.-ның кеуде тұсына пышақ сұғады. Оған ауыр жарақат салып, оқиға орнынан бой тасалап, жасырынған.
Профилактикалық инспектор Н.М. көрсетілген медициналық көмекке қарамастан ауруханада қайтыс болды.
Қабылданған жедел шаралардың нәтижесінде Х.Э. тұтқынға алынды. Оның үстінен ӨР ҚК 97-бабының 2-бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, бас бостандығынан айыру түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.