БастыЭкономика

Өзбекстанда газ өндірісі 3,1 пайызға төмендеді

Қаңтар-маусым аралығында Өзбекстанда өндірілген газ 3,1%-ға төмендеді.

Ұлттық статистика комитетінің мәліметінше, жарты жылда Өзбекстанның ірі кәсіпорындары 21,7 млрд текше метр газ өндірді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 700 млн текше метрге аз. Бұған қарамастан ресми Ташкент шет мемлекеттерге көгілдір отын экспортын екі есе арттырып, табыс көлемін 355 млн долларға жеткізді.

Газдың көлемі төмендегенімен, көршілес ел көмір өндірісін арттырды. Атап айтқанда, өзбекстандық шахтерлер алты айда 3 млн тоннадан астам қатты отын қазып алды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 400 мың тоннаға артық.

Еске салайық, былтыр Өзбекстан газ импортын арттырды. Яғни, 2024 жылы шет елдерден көгілдір отынды сатып алуға ресми Ташкент 1,6 млрд доллардан астам қаражат бағыттады. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 2 есе көп.

Via
Kazinform

TuraNews

Back to top button