БастыСаясат

Өзбекстанда енді жаппай тәртіпсіздіктерді қаржыландырғандар жазаланады

Қылмыстық кодекске енгізілген тиісті өзгерістерге Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев қол қойды.

Құжатқа сай, енді жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыру мақсатында арнайы оқудан өткен, практикалық дағдысын ұштаған, қару, жарылғыш және өзге де қауіпті заттарды қолдану әдістерін меңгергендер жазаланады. Атап айтқанда, олар 300-600 базалық есептік шама (жобамен 4,5-9 млн теңге аралығы) мөлшерінде айыппұл төлейді, 3 жылға дейінгі мерзімге қоғамдық жұмысқа тартылады немесе 5-7 жылға бас бостандығынан айырылуы ықтимал.

Бұл ретте, егер жоспарланып отырған жаппай тәртіпсіздік туралы ақпаратты өз еркімен хабарлаған топ мүшелері қылмыстық жауапкершіліктен босатылады.

Сонымен қатар, мұндай жаппай толқулардың салдарынан жеке немесе мемлекеттің мүлкіне залал келсе, азаматтардың денсаулығына зиян тисе және құқық қорғау органдары қызметкерлеріне қарсылық көрсетілсе, онда кінәлілер 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

Еске салайық, былтыр Өзбекстанда жасалған аса ауыр қылмыстар саны 24 пайызға өсті.

 

 

TuraNews

Back to top button