Өзбекстанда электромобильдер шығарылады
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев алдағы екі жылда электромобильдердің танымал үлгілерін шығаруды жолға қойып, сервистік инфрақұрылымды кеңейтуді тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Өзбекстан президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өзбекстан басшысы электромобиль өнеркәсібін дамыту жобаларымен танысу барысында танымал үлгілерді шығару жолында тәжірибесі бар шетелдік компаниямен бірлескен кәсіпорын құру қажет екенін атап өтті.
2 мың зарядтау станциясын орнатылады
Электр тоғынан қуат алып жүретін көліктер тиісті инфрақұрылымның болуын талап ететіні атап өтілді. Қазір елде бар болғаны 50 зарядтау станциясы бар. Олар негізінен Ташкент пен Самарқанда орналасқан. Электрмен жүретін көліктерге қызмет көрсету орталықтары жоқ.
Осыған байланысты, алдағы екі жылда көлік тұрақтары, жанар-жағармай құю станциялары мен күре жолдарда 2 мың зарядтау станциясын орнату міндеті қойылды.
Бұл станциялар жер салығы, мүлік және пайда салығын жеңілдетеді. Зарядтау станциялары бар кәсіпкерлер электр энергиясын еркін бағамен сата алады.