ӘлемЭкономика
Өзбекстанда Беларусь тракторларын құрастыру жолға қойылады
«Минский моторный завод» ашық акционерлік қоғамы мен «Planeta Servis» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Өзбекстанда дизельдік генераторлар мен компрессорлық станцияларды құрастыруды ұйымдастыруға бағытталған жаңа жоба бойынша келісімге келді.
«Белта» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, «Беларусь» ауыл шаруашылығы техникасын құрастыру бойынша лицензиялық келісімдерге қол қойылған.
Алдағы уақытта компаниялар ауылшаруашылық тракторларын шығаруды Өзбекстанда локализациялауды жоспарлап отыр. 2023 жылы Минск мотор зауыты 2022 жылмен салыстырғанда Өзбекстанға трактор экспортын 1,6 есеге ұлғайтқан.
Өзбекстанда салынатын құрастыру цехы жаңа жұмыс орындарын ашып қана қоймай, республикаға технология импортына да септігін береді.