«Узбекнефтгаз» компаниясының хабарлауынша, 2025 жыл 1 қаңтардан бастап «Бұхара НҚИЗ» ЖШС шығарылатын барлық түрдегі мұнай өнімдері, соның ішінде автобензин де, тек биржалық саудалар арқылы еркін бәсекелестік ортада сатуға шығарылатын болады.
«Бүгінде елімізде тауарлар мен қызметтер нарығында тиімді бәсекелестік орта қалыптастыру, монополияны кезең-кезеңімен азайту, бөлу жүйесінің элементтерін жою, шаруашылық жүргізуші барлық субъектілердің материалдық-техникалық ресурстармен қамтамасыз етілуінде тең жағдайлар жасау бойынша нақты жұмыстар жүргізілуде», — делінген компания хабарламасында.
ӨзА хабарлағандай, Өзбекстан тұрғындарының автобензинге деген сұранысын біркелкі қанағаттандыру мәселесі мемлекет бақылауына алынған және бұл үшін барлық мүмкіндіктер жұмылдырылған.