Өзбекстанда туу көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда 4,4% өсті, деп жазады TuraNews.kz Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.
Өзбекстан Статистика агенттігінің мәліметіне сай, биыл қаңтар-қараша айлары аралығында АХАЖ органдары жаңа туған 887 424 нәрестені тіркеген.
«Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,4%-ға көп. 2023 жылдың 11 айында 459 701 ұл мен 427 723 қыз дүниеге келді», — деп мәлім етті ведомстводан.
Қоса кетсек, 2030 жылға қарай Өзбекстан халқы 41 миллионнан асуы мүмкін.