Фестивальге еліміздің 200-ден астам фольклорлық ұжымдарының өкілдері қатысуда.
Сондай-ақшара аясында күрес, этноспорт, веломарафон, көкпар, арқан тарту, тағы басқа да халық ойындары бойынша жарыстардың өтуі жоспарлануда.
Айта кетейік, Байсын мәдени мекені ЮНЕСКО тарапынан «Адамзаттың ауызша және материалдық емес мәдени мұрасының» маржаны ретінде танылып, 2008 жылы ұйымның «Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасы» Репрезентативті тізіміне енгізілген болатын.