БастыҚоғамСаясат

Өзбекстанда азаматтардың жеке деректерін заңсыз жариялау фактілері жиіледі

Кейінгі жылдары Өзбекстанда азаматтардың жеке деректерін заңсыз жариялау фактілері жиіледі.

Әділет министрлігінің мәліметінше, кейінгі 3 жылда өзбекстандықтардың дербес деректерін заңсыз тарату, жариялау сияқты әкімшілік істердің саны — 2,5 есе, ал қылмыстық істер шамамен 40%-ға өскен.

Ведомствоның баспасөз хатшысы Хаёт Киличевтің атап өтуінше, Өзбекстан заңнамасына сәйкес, фото немесе видеоға азаматтың тікелей келісімі негізінде ғана түсіруге болады. Ал кәмелетке толмағандарға қатысты материалдарды жариялау үшін олардың ата-анасы рұқсат беруі тиіс.

Дегенмен аталған ереже талап етілмейтін жағдайлар болады. Мәселен, концерт немесе митингілерде фото және видеоға түсіру үшін рұқсат қажет емес. Сонымен қатар қандай да бір азамат іздеуде жүрсе, онда оның суреті мен жеке деректерін жариялау үшін келісім сұралмайды.

Via
Kazinform

TuraNews

Back to top button