
Өзбекстан Орталық банкінің дерегіне сай, жыл басынан бері алтынның құны 11,1%-ға қымбаттады. Қазір салмағы 5 грамм болатын алтын құйма 6,32 млн сумға (шамамен 245 113 теңге) бағаланып отыр.
Сонымен қатар, 50 грамдық құйманың құны — 63,23 млн (2,4 млн теңге), ал 100 грамм қымбат металдың бағасы 126,46 млн сумға (4,9 млн теңге) дейін қымбаттады. Халықаралық нарықта алтынның бір граммы 94,53 долларға саудаланып жатыр.
Еске салайық, биыл қаңтарда Өзбекстанның халықаралық резервтері мен алтын валюта қоры өсіп, рекордтық көрсеткішке жетті.