ӘлемСпорт

Өзбекстанда алғаш рет байдарка мен каноэ есуден әлем чемпионаты өтеді

Өзбекстан алғаш рет байдарка мен каноэ есуден әлем чемпионатын өткізеді.

Бұл туралы мемлекеттегі Ұлттық Олимпиада комитетінің (ҰОК) баспасөз қызметі хабарлады.

Дереккөздің хабарлауынша, 23-25 тамыз аралығында Самарқандта осы спорт түрінен әлем чемпионаты өтеді. Кездесулер Орталық Азиядағы жалғыз ескек есу арнасында өтеді.

«Елімізде үш жылдан бері ең танымал спорт түрлерінен әлем чемпионаттары өтіп жатыр. Биыл да бұл дәстүр жалғасын тауып, жерімізде байдарка мен каноэде есуден ересектер арасында әлем чемпионаты өтеді», – делінген комитет хабарында

Source
Kazinform

TuraNews

Back to top button