
Өзбекстан Төтенше жағдайлар министрлігінің Сейсмикалық болжау мониторингі республикалық орталығының мәліметі бойынша, 2024 жылдың 5 наурызында жергілікті уақыт бойынша сағат 11:52-де ел аумағында жер сілкінісі болды.
Жер сілкінісінің ошағы Ташкент облысының Бостанлық ауданында орналасқан. Тереңдігі — 15 км жатыр, магнитудасы — 3,6. Жерасты дүмпулерінің күші 2 баллды құрады.
Сейсмикалық орталық жер сілкінісі ошағынан Ташкентке дейінгі қашықтық солтүстік-шығыс бағытта 96 шақырымды құрайтынын айтты.