БастыҚоғам

Өзбекстанда 2024 жылы әкімдердің көмекшілері 309 сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаған

Өзбекстанда 2024 жылы барлығы 6 898 адам сыбайлас жемқорлыққа қатысты 5 716 қылмыс жасаған.

Бұл туралы Өзбекстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу агенттігі баспасөз қызметінің жетекшісі Шерзод Сапаров мәлімдеді, деп хабарлайды Kazinform.

Ол 2023 жылмен салыстырғанда «Худудгазтаъминот» АҚ, су шаруашылығы, жергілікті әкімдіктер мен банк секторларында сыбайлас жемқорлық қылмыстары азайғанын атап өтті. Дегенмен, жоғары білім, көлік және ауыл шаруашылығы саласында өсу болды.

 

Сыбайлас жемқорлық қылмыстары мектепке дейінгі және мектепке білім беру, денсаулық сақтау, кедейлікті азайту және жұмыспен қамту салаларында жоғары деңгейде қалып отыр.

Кедейлікті азайту және халықты жұмыспен қамту министрлігі саласында әкім көмекшілерінің қызметіне байланысты 2024 жылы сыбайлас жемқорлыққа қатысты 309 қылмыс жасалғаны айтылды.

Өңірлер бойынша сыбайлас жемқорлық қылмыстары Ташкент облысы, Ташкент қаласы және Самарқанд облысында жиі орын алды, ал Бұхара және Хорезм облыстарында сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстар ең аз болды.

2024 жылы ведомствоға барлығы 4176 өтініш түсіп, оларды қарау қорытындысы бойынша тиісті министрліктер мен ведомстволарға, облыстық жергілікті әкімдіктерге 55 сауалнама жолданды, заң бұзушылықтарды жою туралы 41 ұсыныс енгізілді, 7 тұлға тәртіптік жауакершілікке тартылды, оның ішінде 1 қызметкермен еңбек шарты бұзылып, 19 қаулының күші жойылды, 6 қылмыстық іс және 10 әкімшілік іс қозғалып, орын алған қателер мен кемшіліктерді жою шаралары қабылданды.

Сондай-ақ, ведомство 327 нормативтік құқықтық актінің жобасына сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізіп, оның қорытындысы бойынша 327 жобаның 71 пайызында, яғни 233-інде сыбайлас жемқорлықты тудыратын 676 фактор анықталып, оларды жою шаралары қабылданды.

TuraNews

Back to top button