Өзбекстанда 2024 жылдың жаңа жылында 1859 сәби дүниеге келді, деп хабарлайды TuraNews.kz Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.
Өзбекстан Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, 2024 жылдың 1 қаңтарында республикада 1859 сәби дүниеге келген, оның 847-сі қыз, 1012-сі ұл.
«Жалпы санның ішінде Сұрхандария облысында 21 жағдайда егіз, ал бір жағдайда үшем дүниеге келді», — деп жазды Денсаулық сақтау министрлігі.
Жаңа туған нәрестелердің ең көп саны Қашқадария облысында – 207 бала туды. Бала туу көрсеткіші бойынша алғашқы бестікке Әндіжан (201 жаңа туған нәресте), Самарқанд (196), Ферғана (195) және Сурхандария (185) облыстары да кірді.
Ведомство мереке күндері 229 перзентхана кешенінде 7,5 мың дәрігер жұмыс істеп, босанған әйелдерге қажетті көмек пен қамқорлық көрсетілетінін айтты.