Басты

Өзбекстан үкіметі қаладағы ірі кәсіпорындарды шет аймақтарға көшіреді

Өзбекстанның ірі қалаларында қоршаған ортаға залал келтіретін кәсіпорындарды ашуға тыйым салынады.

Тиісті жарлыққа Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзиёев қол қойды, деп жазады Kazinform.

Құжатқа сәйкес, 1 мамырдан бастап ірі қалалар мен облыс орталықтарында асбест, цемент, тері илеу және құс фабрикалары, металлургия зауыттары мен химиялық тауар өндірісін ашуға тыйым салынады.

Сонымен қатар, 1 қазанға дейін Өзбекстан үкіметі Ташкент пен Нүкіс қалаларында орналасқан экологияға айтарлықтай залал келтіретін және электр энергиясын көп көлемде тұтынатын кәсіпорындарды біртіндеп көшіру жоспарын әзірлейді.

Экология министрлігінен мәлім еткендей, Ташкент пен Нүкісте және облыс орталықтарындағы зиянды өндірістерді алыс аймақтарға көшіру экологиялық ахуалды жақсартуға ықпал етеді.

Еске салсақ, биыл Өзбекстан «жасыл» энергия көздерінің үлесін 26%-ға жеткізбек.

 

TuraNews

Back to top button