
Бұл туралы Өзбекстанның Статистика жөніндегі мемлекеттік комитетіне сілтеме жасап, inbusiness.kz жазады.
«Өзбекстан туристердің келуі бойынша қарқынды түрде рекордтар жаңартып жатыр. Бұл көрші елге тасқындаған туристік ағын 2025 жылғы алғашқы 4 айда бірден 146,1%-ға өсіп шыға келді. Белгілі болғанындай, 2025 жылғы қаңтар-ақпан аралығында Өзбекстан шетелден шамамен 3,1 миллион туристі қабылдады. Бұл – бүкіл Орталық Азия елдері арасындағы рекорд», – деп хабарлады қырғыздың ақпарат құралы.
Өткен жылда өзбек еліне 8 миллионнан астам шетелдік турист келіп, төрт және одан көп күн демалыпты.
Бұл ретте ӨР-ге саяхаттаған қонақтар арасында Қырғызстан көш бастады. Екі елдің шекараға қатысты мәселелері шешілгелі, республикалардың арасы жақындай түсіп, бауырлас елдердің бір-біріне барыс-келісі күрт артты.
Ресми мәліметке сәйкес, биылғы 4 айда Қырғызстаннан өзбек еліне 1 миллионға жуық (942 мыңнан аса) турист барыпты. Екінші орында Тәжікстан (793,9 мың), үшінші орында Қазақстан (617,2 мың) тұр.
Саяхатшылар арасындағы Ташкент, Самарқан пен Бұқара ең танымал бағыт болып қалуда.