ӘлемСаясат

Өзбекстан Таяу Шығыстағы шиеленіске қатысты мәлімдеме жасады

Өзбекстанның Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісе түскеніне алаңдаушылық білдіріп, ресми мәлімдеме жасады.

Өзбекстан Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыстағы шиеленіске қатысты мәлімде жасады, деп жазады Kazinform агенттігі.

«Өзбек тарапы барлық тараптарды ұстамдылық танытуға, одан әрі әскери іс-қимылдардан бас тартуға, сондай-ақ қақтығысты саяси реттеу үшін тез арада барлық мүмкін шараларды қабылдауға шақырады. Бұл аймақтағы шиеленістің артуы аса ауыр зардаптарға және ірі әскери қақтығыстарға әкелуі мүмкін деп санаймыз», — делінген Өзбекстан Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде

Бұған дейін ҚР Сыртқы істер министрлігі де Таяу Шығыстағы ахуалға қатысты мәлімдеме жасап, тараптар арасындағы келіспеушілікті тек саяси-дипломатиялық жолмен шешуге үндеген еді.

Еске салайық, сенбі күні кешке Иран өз аумағынан Израильге қарай соққы жасауға арналған дрондар мен зымырандардың үлкен толқынын ұшырды, бұл Ислам Республикасының еврей мемлекетіне алғаш рет тікелей шабуыл жасауы.

 

TuraNews

Back to top button