БастыДенсаулықСаясат

Өзбекстан сотталғандарға арналған электронды білезіктерді шығармақ

Өзбекстан үкіметі үй қамақтағы және бас бостандығы шектелген азаматтарды бақылауға арналған электронды білезіктер өндірісін жолға қоюға ниетті.

Kazinform агенттігінің хабарлағанындай, Өзбекстанның Криминалистика ғылыми-зерттеу институтының басшысы Бахтиёр Бердіғалиев құрылғы мен оны басқару бағдарламасын аталған институт мамандары жасағанын айтты.

Блезіктерді құрастыру үшін Германия, Корея, Түркия және Мажарстанның тәжірибесі зерделенген.

Қазір электронды білезіктерді патенттеу және оны жаппай өндіру ісін қолға алу жоспарланып отыр.

Айта кетейік, Қазақстанда пробациялық бақылаудағы адамдарды қадағалауға арналған құрылғыларды пайдалану 2014 жылы ұсынылған. Дегенмен ол 2020 жылы ғана нақты іске асты. Бүгінде электронды блезік шығаратын отандық компаниялар бар. ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің ақпаратына сай, қазіргі таңда бақылау құрылғылары өндірушілерден жалға алынады. Электронды білезіктің нарықтағы бағасы 150 мың теңге, ал оны жалға алу құны айына 14 800 теңге шамасында.

TuraNews

Back to top button